Түркістан облысында 23 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды

0
777

Биыл мемлекеттік грантқа тапсыруға тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік берілді.


Түркістан облысында 23 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырды

Түркістан облысында 23 мыңнан астам мектеп бітіруші ҰБТ тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша 2022-2023 оқу жылында 30 110 мектеп бітірушілердің (оның ішінде 23837 қазақ, 1848 орыс, 4149 өзбек, 276 тәжік) 23930-ы (79,3%) Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш берген.


ҰБТ тапсыруға өтініш берген 23930 тестіленушінің тестілеу тапсырғаны – 23579, шығармашылық емтихан тапсырғандар саны – 2897, тестілеуге қатыспағаны – 433 (денсаулығына және түрлі себептермен).


Ұлттық бірыңғай тестілеу ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 мамырдағы №206 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру 2023 жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтті.


Биыл мемлекеттік грантқа тапсыруға тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік берілді. Аталған сынақ облыстағы 5 аудан, қала орталығында орналасқан (Жетісай, Созақ, Сарыағаш, Сайрам, Түркістан) тәуелсіз «USTUDY» тестілеу орталықтарында академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасын сақтай отырып, компьютерлік форматта жүргізілді.


Тестілеу 2 лекте, сондай-ақ, тестілеу орталықтарында 12 аудиторияда 500 компьютерлік орын дайындалып жүргізілді. Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынды.