Түркістан облысында 40 Ұлы Отан соғысы ардагеріне 1 млн теңгеден беріледі

0
1 529

Берілетін қаржының жалпы сомасы 40 247,8 млн. теңге.


Түркістан облысында 40 Ұлы Отан соғысы ардагеріне 1 млн теңгеден беріледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің ұйғарымымен Түркістан облысында тұратын Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, яғни 40 адамға 1 млн. теңгелік бір реттік материалдық көмек беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, 8251 қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне 30 мың тегеден, ал 1 блокадалық Ленинградтың тұрғыны мен концлагерьлердің бұрынғы 1 тұтқынына 60 мың теңгеден қаржылай көмек беру жөнінде шешім қабылдаған болатын. Берілетін қаржының жалпы сомасы 40 247,8 млн. теңге.
Сондай-ақ, ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе тұрғын үйлерді жөндеу мәселелері де қарастырылуда. Бұл ретте Төлеби ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері Р.Джумагуловқа 2020 жылдың 7 ақпанында жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй берілгенін айта кеткен жөн.

Айта кетейік, Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілгендер саны 8293 адамды құрайды. Оның 40-ы Ұлы Отан соғысының ардагері, 256-сы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер. Бұдан бөлек, облысымызда 7997 тыл еңбеккерлері есепке алынған.