Түркістан облысында 670 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алады

0
523

177 411-і жасына байланысты зейнетақы алушы болса, 171 025-і базалық зейнетақы алушылар.


Түркістан облысында 670 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алады

Түркістан облысында өткен жылы әлеуметтік қорғау саласы бойынша 158 783 мемлекеттік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда жалпы Түркістан облысы бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны – 670 223 адам. Оның 177 411-і жасына байланысты зейнетақы алушы болса, 171 025-і базалық зейнетақы алушы және 321 787 адам жәрдемақы алушылар. Бұл туралы ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев мәлімдеді.


Оның айтуынша, департамент өткен жылы әлеуметтік қорғау саласы бойынша 158 783 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 94 бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 38 лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған.


«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтары бойынша облыста мүгедектігі бар адамдардың саны 96 748-ді құрады. Бұл облыс халқы санының 4,7%-ы, ал республика бойынша жалпы мүгедектер санының 13,8%-н құрайды. 2021 жылы 6 139 адамға алғашқы рет мүгедектік рәсімделген. Өткен жылы облыс көлемінде оңалту техникаларымен және әлеуметтік қызметпен 50 мыңға жуық азамат қамтамасыз етілді. Биыл Департамент тарапынан ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделген 516 нысанды құрылыс нормалары стандарт талаптарына сәйкестігіне тексеру-бақылау жұмыстарын жүргізу көзделген», - деді Руслан Кәрібайұлы.