Түркістан облысында алғаш рет халықаралық «SAFARI SHARDARA» фестивалі өтеді

0
1 772

Аталған шарада қонақтар Қызылқұм өңірінің табиғатымен кеңінен танысып, құм қойнауы мен теңіз жағалауындағы түрлі ойын-сауықтар мен спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.


Түркістан облысында алғаш рет халықаралық «SAFARI SHARDARA» фестивалі өтеді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 26 қазан күні Шардара қаласындағы суқойма жағалауында тұңғыш рет халықаралық «Safari Shardara» атты фестиваль өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы шарада қонақтар Қызылқұм өңірінің табиғатымен кеңінен танысып, құм қойнауы мен теңіз жағалауындағы түрлі ойын-сауықтар мен спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.

Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған фестивальде құмдағы автокөліктер жарысы мен композициялық «Rock racing» шоуы өтеді. Сондай-ақ, қонақтар түйешілер жарысын, бүркіт пен қаршығаға құс ілдіріп, түлкі салдырған саятшылардың халықаралық сайысын тамашалайды. Бұдан өзге, мотобайкерлердің мотокросс өнері, желкенді қайық жарысы, академиялық есу түрі, жағажай волейболы мен футбол жарыстары, балық аулау сайысы ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, сайыпқырандар қазақша күрес, гир көтеру жарыстары мен бөренеге өрмелеп шығу, қошқар көтеру секілді спорт түрлерін бақ сынайтын болады.

«Safari Shardara» фестивалінде әйгілі өнер жұлдыздары мен ән-би ансамбальдері, цирк өнерпаздары мен акробаттары өнер көрсетеді.