​Түркістан облысында автобусқа оқ атқандар ұсталды

0
1 223

Автобусқа оқ жаудырғандар Түркістан облысынан болған.


​Түркістан облысында автобусқа оқ атқандар ұсталды

Түркістан облысында жолаушылар автобусына оқ жаудырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 5 қарашасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен Алматы-Ташкент тас жолы бағытында маркасы «YOENG K 6108 hdh» қоғамдық автобусына бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ атқан Түркістан облысының тұрғындары ұсталды.

Айғақтық заттар тәркіленіп алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.