Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді

0
564

Лапыздар тұқымдасына жататын бұл өсімдік Қазақстанда сирек кездеседі.


Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді

Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында орналасқан «Сырдария-Түркістан» мемлекет өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалында бәйшешек гүлдеді. Ерекше сәтті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков суретке түсіріп алған.


«Сырдария-Түркістан» мемлекет өңірлік табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторнг бөлімінің меңгерушісінің айтуынша бәйшешектің бұл түрі кессельринг лапызы деп аталады. Лапыздар тұқымдасына жататын бұл өсімдік Қазақстанда сирек кездеседі. Алайда республикада таралу аймағы кеңдеу, Батыс Тянь-Шань тау етегінен, Қаратау аласа тауынан және шу іле тауларынан басқа Памир-Алай тауында өседі. Тіпті Қазақстан қызыл кітабының екінші басылымына енгізу ұсынылған.


Кессельринг лапызы – сабағы жалғыз және тіке, биіктігі 6-10 см болатын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары гүлімен қоса өседі, ал ені 1 см-ге дейін болады. Гүлдері ақ, қоңырау тәріздес болып келеді. Наурыз-мамыр айлары аралығында гүлдейді. Ареалы – Орта Азия.