Түркістан облысында био қызанақ өсірілетін жылыжай ашылады

0
1 862

Польша іскерлері ауылшаруашылық саласына шамамен 15 млн еуро салмақ ниетте. Жақын арада өңірде био қызанақ өсірілетін көлемі 11 гектар болатын жылыжай кешені ашылады деп жоспарлануда.


Түркістан облысында био қызанақ өсірілетін жылыжай ашылады

Поляк инвесторлары Түркістан облысында кәсіпкерліктің дамуына қомақты қаржы бөледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Әсіресе Польша іскерлері ауылшаруашылық саласына шамамен 15 млн еуро салмақ ниетте. Жақын арада өңірде био қызанақ өсірілетін көлемі 11 гектар болатын жылыжай кешені ашылады деп жоспарлануда.

Бұл шара Елбасы Жолдауындағы отандық өнімді халықаралық нарыққа шығару жоспарына сәйкес келеді. Осы тұрғыда поляк серіктері бірігіп қызмет етуге, әрі агроөнеркәсіп саласында тәжірибесімен алмасуға әзір екенін айтады.

Аркадиуш Якубчак, Орталық Еуропа мен Польшадағы «Kazakh Invest» ҰҚ өкілі:

– Қазір негізінен Голландияда өсірілген қызанақтар көптеп сатылады. Енді нарыққа қазақстандық өнім шығарылатын болады. Ел үкіметі ұсынған салық саласындағы жеңілдектер бізге тиімді. Көптеген шетелдік инвестор қызығушылық танытып отыр. Қазақстанның маңында шамамен жарты миллиард адам тұрады. Олар да біздің өнімге қызығушылық танытып отыр. Ресейге жібере аламыз. Үлкен нарық зор мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: «Ресейлік сарапшылар: Қазақстанмен арадағы экономикалық кедергілер сауда соғысы емес Қызылорда облысында цемент зауыты ашылады».