Түркістан облысында бір жасар сәби суға батып мерт болды

0
1 229

Қайғылы оқиға орын алған кезде әкесі жұмыста, анасы мал жайғап жүрген. Сәби апасының қарауында болған.


Түркістан облысында бір жасар сәби суға батып мерт болды

Түркістан облысында бір жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Мақтарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, 29.12.2018 жылы туған бүлдіршін ойнап жүріп өз үйінің есігінің алдындағы егістік алқабын суаратын арыққа суға батып қайтыс болған. Мамандардың айтуынша, арықтың ені 2 метр, тереңдігі 1,3 метр шамасында.

Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне тәртіп сақшылары хабар берген.

"Анықтау барысында: Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауыл округі, Көкпарсай ауылы, Өрлітөбе көшесі №3 үй тұрғыны 29.12.2018 жылы туылған Ахмет Д. Р., сағат 11:00 шамасында ойнап жүріп, есігінің алдындағы егістік алқапты суғаратын арыққа суға батып, қайтыс болғаны анықталды,"- деп мәлімдеді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.