​Түркістан облысында “Денсаулық Елшісі” атағы берілді

0
2 371

Жаңа титул иелері халықтың салауатты өмірге бет бұруына бағыттайтын іс-шараларға үлес қосып жаңа серпіліс бермек.


​Түркістан облысында “Денсаулық Елшісі” атағы берілді

Түркістан облысында тұңғыш рет өткен «Салауатты тамақтану мәселелері, ұлт саулығының тетігі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда тұңғыш рет “Денсаулық Елшісі” атағы берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


“Денсаулық Елшісі” атағы таэквандодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2018 жылы Джакартада өткен Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Әлем Кубогінің қола жүлдегері Нұрлан Сайлаубайұлы, облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Шерімұлы, “Бізбен бірге!” еріктілер мектебінің төрайымы Жасмин Асқарқызы және Облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Жанболат Бердібайұлына берілді.

Айта кету керек, Еліміздің Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстан 2050-мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты мемлекет дамуы Стратегиясының «Ұлт саулығы-біздің табысты болашағымыздың негізі» бөлігінде «Салауатты өмір салты-ұлт денсаулығының кепілі» деп атап айтқан болатын.

Бүкіл әлемде мынадай үрдістер байқалады: құрамында майдың мөлшері жоғары өнімдерді тұтынудың өсуі; аз қимылдау қызмет түрлерінің басымдылығына байланысты физикалық белсенділіктің төмендеуі, қозғалыс, жүріп-тұру режимдеріндегі өзгерістер және урбанизацияның артуы.

Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында белгіленгендей халықаралық стандарттарға сай түрлі мемлекеттік және қоғамдық институттардың сектораралық өзара әрекеттестігі жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың тәуекел факторларын төмендетуге бағытталған сонымен қатар дұрыс үйлесімді тамақтану бойынша да кешенді шаралар жүргізу.

Инфекциялық емес ауруларға арналған жетекші тәуекел факторларына артық салмақ (дене салмағы 25 кг / м2 артық), қанық және транс-майларды, қант пен тұзды сондай-ақ көкөністер мен жемістерді тұтынудың жеткіліксіздігі болып табылады.

Балалық шақтағы семіздік ересектер арасындағы семіздікке қатысты маңызды болжамды фактор ретінде және көп жағдайда жүрек-қан тамырлары ауруларының, диабеттің, ортопедиялық мәселелердің және психикалық бұзылулардың дамуының қауіп факторы болып табылады.

Республика халқының дұрыс тамақтану туралы хабардарлығының төмендігі өз кезегінде, азық-түлік ассортименті режимі тапшылығының дамуына ықпал етеді. Күнделікті тұтұнуға әр түрлі дәнді дақылдар, көкөністер мен жемістерді, ет, сүт және балық өнімдерін, бұршақты пайдалануды ұсынған жөн. Бұл жағдайда тазартылмаған, яғни қабығы сақталған, дәнді дақылдар өнімдеріне, сондай-ақ майсыз ет пен сүт өнімдеріне басымдылық беріледі.