Түркістан облысында індет жұқтырған 6 адам туралы ақпарат шықты

0
599

Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 130-ға жетті.


Түркістан облысында індет жұқтырған 6 адам туралы ақпарат шықты
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 6 науқас тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласының 1993 ж., тұрғыны мен Қазығұрт ауданының 1997 ж., 1994 ж., 1973 ж. және 1957 жылғы тұрғындарының COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды.
Сонымен қатар, скринингтік зерттеу барысында Сарыағаш ауданының 1993 жылғы тұрғынының да коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.
Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
02.05.2020 ж. сағат 17:25-тегі жағдай бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 130-ға жетті.