Түркістан облысында індет жұқтырғандар саны артты

0
707

Барлығы Шымкентке Нұр-Сұлтан бағытындағы 076 поезбен келген Жетісайлық азаматшамен байланыста болған науқастардың жақын туыстары.


Түркістан облысында індет жұқтырғандар саны артты

2020 жылғы 6 сәуірдегі жағдай бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны – 32, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыстық 2018 жылғы сәби, Кентау қаласының 1982 жылғы, 2003 жылғы, 2005 жылғы тұрғындарынан алынған талдама нәтижелері бойынша олардың вирус жұқтырғаны анықталды.
Олардың барлығы Шымкентке Нұр-Сұлтан бағытындағы 076 поезбен келген Жетісайлық азаматшамен байланыста болған науқастардың жақын туыстары.
Жалпы облыс бойынша Жетісайда - 12, Кентау-5, Ордабасы-1, Сайрам-2, Мақтарал-4, Арыс-6, Сарыағаш-1 тұрғыны індетке шалдыққан.