Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы артты

0
853

Өңірде 16 адамдан коронавирус табылған.


Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы артты

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелдi, Түркістан облысында - 2 адам, Қарағанды облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам, Алматы қаласында – 91 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам,
Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 15 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 16 адам, жалпы 448 науқас тіркелді.


Айта кету керек, Түркістан облысында 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал, Ордабасы және Сайрам аудандарында 1 адамнан тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде екенін хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.