Түркістан облысында тұралап қалған құрылыстар жанданды

0
982

Жыл басынан бері облыстағы мүлдем ауыз суы жоқ 10 елді мекендегі 9 мың тұрғын ауыз сумен қамтылды.


Түркістан облысында тұралап қалған құрылыстар жанданды

Түркістандық тұрғындарының 80 пайызы ауылда тұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осы орайда ауылды жерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағыттардың бірі. Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен ауылдардың инфрақұлылымын жаңартуға басымдық берілген. Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасымен елді мекендердің жай-күйі, жалпы ауылдың сырт-келбетін ретке келтіру мен, тазалығына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына күш салынды.


Жыл басынан бері облыстағы мүлдем ауыз суы жоқ 10 елді мекендегі 9 мың тұрғын ауыз сумен қамтылды. Сондай-ақ 10 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылды.


Осы мерзімде 35 елді мекендегі 55 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылса, бір жылда 21 елді мекендегі 53 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды.


Әкім тапсырмасымен, өңірдегі жылдар бойы тоқтап тұрған жобаларға қаржы бөліне бастады. 2012 жылдан бері күрделі жөндеуден өткізілмеген облыстағы негізгі ірі энергия көзі болып саналатын Кентау жылу орталығында демеушілер есебінен шамамен 500 млн. теңгеге 4 қазандық ағымдағы жөндеуден өткізілуде.


Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 3 млрд. теңгеге 4 қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жаңа құрылғыларды орнату жұмыстары басталып кетті.


Сонымен қатар аудандардағы құрылысы аяқсыз қалған ауыз су, табиғи газ желілері бойынша кешенді жоспар дайындалды. Тоқтаған құрылыстарға қаражат қаралып, ел игіліне берілуде. Жұмыстар жалғасуда.