​Түркістан облысында жоғалған жас келін табылды: қол-аяғын сындырды деген өтірік ақпарат

0
5 288

«Аяғын, қолын ұрып сындырды» деген ақпаратты жоққа шығарып отыр


​Түркістан облысында жоғалған жас келін табылды: қол-аяғын сындырды деген өтірік ақпарат

иллюстарциялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы - ERNUR.KZ. Түркістан облысы, Созақ ауданында жоғалды деген 19 жастағы келіншек табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бейресми дереккөзінің хабарлағанындай, үйіндегі ұрыс-керістен соң қашып кеткен 19 жастағы жас келін Шымкенттің сауда орталықтарының бірінен табылған. Оның жағдайы жақсы, тек интернетте өзі туралы асыра сілтенген жалған ақпарат тарағанына наразы.

Сенімді дереккөз «Аяғын, қолын ұрып сындырды» деген ақпаратты жоққа шығарып отыр. Қазір анасымен бірге. Отбасылық ұрыс-керістің кесірінен қажып, қашып кеткені рас.

Үйінен таңғы алтылар шамасында шығып кеткен келіншек жолай бейтаныс әйелдің телефонынан отбасына «Мені іздемеңдер» деген хабарлама қалдырған. Төркініне қайта бармауының себебі, бұған дейінгі болғанындай тағы да апарып соққыға жығатын күйеуіне қосады деген қорқыныш болған.

Жоғалған келіншектің табылғанын Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Толығырақ деректі қосымша жіберетінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Созақ ауданындағы 19 жастағы келіншектің жоғалып кеткені жарияланған болатын. Танымал тележурналист Гүлмира Әбіқай өз парақшасында жария етіп, онда бірнеше рет таяқ жеп келген келіншек төркіні қайта жарастырып отырғаны және келіншектің аяғы сынып, қолы шытынағаны айтылған болатын.