Түркістан облысында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

0
1 015

Сарыағаш ауданының тумасы екендігі анықталды.


Түркістан облысында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Түркістан облысы Арыс ауданы Байтоғай елдімекенінде суға кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

26 қыркүйек күні таңғы сағат 6-лар шамасында төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметіне 26 жастағы ер адамның суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орынына келіп жеткен төтенше жағдайлар департаментінің 6 құтқарушысы жүргізген іздеу жұмыстарының нәтижесінде түскі сағат 1.40-тарда 1992 жылы туған ер адамның мәйіті табылған.

Ерғали Бахаев, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысының орынбасары:

"Сарыағаш ауданының тумасы екендігі анықталды. Балық аулауға барған. ТЖД жедел құтқару жасағының сүңгуірлері денесін алып шықты. Суға түскенде киімі мен аяқ қиімі болған. Соған қарағанда шомылмаған. Қазіргі таңда арнайы сараптамалар тағайындалды. Ішімдік ішкен ғой деген божам бар".

Әзірге анықталғаны, үш жігіт кеше кешкісін Байтоғайдағы су қоймасына балық ауламақ боп келген. Суғақайықпен шығып балық аулаған үшеудің біреуі өз бетімен оқшау кеткен көрінеді. Күн қарайғасын қасындағы серіктері таппай қалған. Түні бойы өз беттерінше іздеп таппаған олар құтқарушыларға хабар берген. Төтенше жағдайлар департаментінің 6 құтқарушысы іздеу жұмысына кірісіп, жоғалған жігіттің мәйітін тапқан.