Түркістан облысының баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды

0
2 341

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «журналистика» мамандығын тәмәмдап, Ыстамбұл қаласы «Мармара» универсиетінің магистратура бағдарламасы бойынша білім алған


Түркістан облысының баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысының міндеттерін уақытша атқарушы болып Жүнісов Ержан Қошқарәліұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Е. Жүнісов 1985 жылы Шымкент қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «журналистика» мамандығын тәмәмдап, Ыстамбұл қаласы «Мармара» универсиетінің магистратура бағдарламасы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2008 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ редакторы қызметінен бастап, әр жылдары жаңалықтар бөлімінің корреспонденті, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері болған. 2013-2018 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі АҚ «Хабар 24» арнасы халықаралық ақпарат бөлімінің Түркия Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.