Түркістан облысының полициясы: Жол апатынан 12 адам қаза тапты деген ақпарат жалған

0
1 002

Полиция департаменті жалған ақпарат таратпауға кеңес береді.


Түркістан облысының полициясы: Жол апатынан 12 адам қаза тапты деген ақпарат жалған

Әлеуметтік желі мен мессенджер арқылы Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, 12 адам қаза тапты деген жалған ақпар таратылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Түркістан облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарына мұндай қауесеттерге сенбеуге және шындыққа жанаспайтын ақпарды таратпауға кеңес береді. Егерде кез келген азамат осындай жалған ақпарды тарататын болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату« бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», -делінген хабарламада.