ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында жаңажылдық кеш өтті

0
2 457

Балаларға сыйлықтар табысталып, концерттік бағдарлама жалғасын тапты.


ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында жаңажылдық кеш өтті

Түркістандағы Оқушылар сарайында Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістандағы Оқушылар сарайында Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шара өтті. Көңілді кешті ашқан мекеме директоры Индира Икапова қонақтарды мерекемемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


"Сіздерді тағы бір жылды түйіндеп, жаңа жылға аман-есен қадам басуларыңызбен құттықтаймын! Барыс жылы біз үшін байсалды да берекелі жыл болды. Олай дейтінім, 2022 жылы осынау сарайымызда білім алып, шеберліктерін шыңдап жүрген оқушыларымыз мол табысқа қол жеткізді. Сонымен бірге, балалардың заманауи технологияларды игеруіне мүмкіндік беретін базалар жабдықталып, түрлі ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнаттық. Бұл біздің ұжым үшін басты жетістік. Себебі, біз қашан да осы бүлдіршіндердің тұлға болып қалыптасуы үшін тер төгеміз. Есігімізді қағып тұрған қоян жылы да қуанышты сәттерге толы болсын деп тілеймін!", - деді Индира Сарқытқызы.


Мерекелік іс-шараға С.Ерубаев және Молда Мұса атындағы мектептерінің оқушылары қатысып, ертегі кейіпкерлерінің жаңажылдық қойылымын тамашалады. Оған қоса, балаларға сыйлықтар табысталып, концерттік бағдарлама жалғасын тапты.