ТҮРКІСТАН: Өмірзақ Шөкеев Төлебидегі селден зардап шеккен тұрғындармен кездесті

0
1 038

Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс.


ТҮРКІСТАН: Өмірзақ Шөкеев Төлебидегі селден зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда 13 мамыр күні толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілді. Арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 215 тұрғын үйлердің ауласына су кірді.

"Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Қауіпсіз аумаққа көшірілгендеріңіз дұрыс болды. Үйлерді полиция қызметкерлері күзетеді. Уайымдамаңыздар. Саман үй құласа, өздеріңіз үшін қауіпті. Барлық аудандар көмекке келіп жатыр",- деді Өмірзақ Естайұлы Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде.