ТҮРКІСТАН: Өмірзақ Шөкеев «Turkistan» телеарнасының жұмысымен танысты

0
482

Түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болмақ.


ТҮРКІСТАН: Өмірзақ Шөкеев «Turkistan» телеарнасының жұмысымен танысты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Turkistan» телеарнасында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған халықаралық телеарна түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде бірнеше тілде хабар таратады. Күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер топтамасын ұсынатын телеарна түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болмақ.


Сондай-ақ, өңір басшысы «Түркістан-арена» стадионында болды. 7 мың орынға арналған спорттық кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар. Негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған.


Одан бөлек, Түркістанда бой көтерген Назарбаев Зияткерлік мектебі мен «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде болып, жұмыс барысымен танысты. Мәдени нысан концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған.