ТҮРКІСТАН: Өнеркәсіп өнімінің көлемі 530 млрд. теңгеге жетті

0
376

3 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 58 жоба жүзеге асырылуда.


Түркістан облысының маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсімі сақталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


Өңір басшысының айтуынша, биыл 10 айда Түркістан облысының маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсімі сақталып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 530 млрд. теңгеге жеткен.


Сондай-ақ, Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 39 млрд. теңгені құрайтын, 3 200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 58 жоба жүзеге асырылуда.