ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында 6000 данадан астам көшет егіледі

0
628

Күзгі тал егу науқанына дайындық пысықталды


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында 6000 данадан астам көшет егіледі

Ордабасы ауданында күзгі тал егу науқанына дайындық пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ағаштарды күтіп-баптау, өсіру ісін сапалы атқаруды, елді мекендерді көгалдандыруға қатысты жұмысты күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы орайда Ордабасы ауданында күзгі тал көшеттерін егу жоспары және 2022-2023 жылдары егілген тал көшеттерінің өнімділігі бойынша жиын өтті. Жиында күзгі тал егу науқанына дайындық жұмыстар талқыланды.


Биыл көктем айында аудан көлемінде 30 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылса, оның 58 пайызы ғана жерсінген. Осы жылдың күз мезгілінде жоспар бойынша 6 200 дана көшет егілмек.


Аудан әкімі Азат Оралбаев аудан аумағын жасылдандыру бойынша әсіре науқаншылдықтан арылып, салалық бөлім жауаптыларына әрбір тал көшеттерінің отырғызылуынан бастап, өсіп, өнуіне дейін мұқият қадағалауды тапсырды.