ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында айтыс өтті

0
371

Карима Оралованың 50 жас мерейтойына арналған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында айтыс өтті

Ордабасы ауданында дүбірлі ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының талантты ақын қызы Карима Оралованың 50 жас мерейтойына орай Темірландағы Мәдениет үйінде дүбірлі ақындар айтысы өтті.


Айтулы мәдени шараға аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, әйгілі айтыс ақынын мерейлі мерекесімен құттықтап, ықылас гүлі мен сый-құрмет көрсетті.


«Бұл реткі ақындар айтысының тақырыбы өзгеше. Себебі ұзақ жылдар айтыс сахнасында еліміздің, өңіріміздің намысын қорғап, айтыс аламанында өзіндік қолтаңбасы бар Карима Оралова әпкеміздің 50 жасқа толған мерей тойына арналып отыр», – деді ол.


Сөз аламанына Түркістан, Жамбыл облысы, Шымкент қаласынан, тіпті көршілес Өзбекстан мемлекетінен айтыскер ақындар қатысып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.


Сондай-ақ айтулы айтысты аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Раймбеков, аудандық мәслихат депутаты Бейсенбай Сатыбалдиев және аудан тұрғындары тамашалады.


Азулы айтыскер ақындар Бекарыс Шойбеков, Нұрлан Есенқұлов, Анар Жаппарқұлова тағы басқа елге танымал ақындар айтыс сахнасында бақтарын сынады. Керемет кеш соңында аудан басшылары ұлттық өнерімізді паш еткен ақындарды марапаттап, құрмет көрсетті.