ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында егіс көлемі ұлғайды

0
413

Бүгінгі таңда ерте пісетін көкөніс дақылдарынан алғашқы өнімдер жиналып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында егіс көлемі ұлғайды

Ордабасы ауданында егіс көлемі 847 гектарға ұлғайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Ордабасы ауданының жер көлемі 265 561 гектарды құрайтын болса, оның 218 234 гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер. Ауданда егістік жерлердің көлемі 87 348 гектар болса, жайылымдық жерлердің көлемі 111 196 гектар. Ал, көп жылдық қондырғылар орнатылған алқап көлемі 1 805 гектарға жеткен. Қалған 8 522 гектары су қоры жерлері.


Аудан дихандары 2023 жылы 70 400 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда егіс көлемі 847 гектарға ұлғайған. Атап айтар болсақ, бидайдың көлемі – 23 894 га, арпа – 2 465 га, майлы дақылдар – 5412 га, оның ішінде күнбағыс – 500 га, мақсары – 4912 га, ашық топырақта өсірілген көкөністер – 3 082 га, картоп – 636 га, бақша дақылдары – 1 747 га, дәндік жүгері – 7 011 га, көп жылдық мал азықтық дақылдар – 19 518 га және мақта – 6 634 гектарды құрап отыр.


Сонымен қатар, егістік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында 1 алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу жобасы да қолға алынып, осы мақсатта ағымдағы жылы 408 гектар жерге 141 шаруа қожалығы өнім еккен. Бүгінгі таңда ерте пісетін көкөніс дақылдарынан алғашқы өнімдер жиналып жатыр. Мысалы, аудан шаруалары 181 тонна қырыққабат, 36 тонна картоп пен 136 630 тонна мал азығын жинап үлгерген.