ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 17 ауыл табиғи газбен қамтылады

0
597

Қамту деңгейі 47,4%-ға жетеді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 17 ауыл табиғи газбен қамтылады

Ордабасы ауданындағы газ тарту жұмыстары қатаң бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов газ құбыры тартылып жатқан Төрткүл, Қызылжар, Спатаев, Елшібек батыр, Қарақұм елді мекендерінде болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап көрді. Мердігерлермен тілдесіп, жұмыстың сапалы болуы және мерзімінде бітуі қатаң бақылауда екенін айтты.


Атап өтсек, 2023 жылы Ордабасы ауданында 18 нысан немесе 17 елді мекен (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батар ата, Ынталы, Аманкелді, Елшібек батыр, Спатаев, Төрткөл, Қарақұм, Бірлік газ жеткізуші) табиғи газбен қамтылады деп жоспарланған.


Нәтижесінде қамту деңгейі 47,4%-ға немесе 27 елді мекенге жеткізіледі.