ТҮРКІСТАН: Ордабасыда көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
536

Ұзындығы 24 метрді, ал ені 14 метрді құрайды.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ордабасы ауданында көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Ордабасы ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-15 «Алтынтөбе-Бадам-Бөген-Төрткөл» автомобиль жолының 51+400 шақырымындағы көпір (Саналы е/м) күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «СК«ДАР» ЖШС. Нысанның жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес, көпірдің ұзындығы 24 метрді, ал ені 14 метрді құрайды. Аталған жолда көлік қозғалысына уақытша айналма жол ұйымдастырылған.


Бүгінгі таңда көпірдің темірбетонды қадалары қағылып, тіреуіштерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Көпірдің құрылысы биыл тамыз айында толығымен аяқталады деп жоспарланған.


Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші тарапынан, техникалық қадағалаушы «Жасыл Алем Сервис» ЖШС және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалының мамандары тарапынан тұрақты бақылауға алынған.