ТҮРКІСТАН: Ордабасыда өндірілген машиналар Түркия және Үндістанға экспортталып жатыр

0
2 491

Аталған компания арқылы 150-200 адам жұмыс орнымен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда өндірілген машиналар Түркия және Үндістанға экспортталып жатыр

Ордабасыдағы машина жасау кәсіпорны өнімдерін Түркия және Үндістанға экспорттауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«KARLSKRONA LC AB» ЖШС – Ордабасы ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан машина жасау кәсіпорны.


Компания сорғыларды, электротехникалар, блокты-модульдік, стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, әзірлеу, сату, монтаж және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Өнімдер Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған компания арқылы 150-200 адам жұмыс орнымен қамтылған.


Қазіргі уақытта зауыт мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық салаларында қолданылатын жабдықтарды шығаруда. Қазақстандық нарықта 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтетін компанияның өндірістік және басқару процестері ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкестендірілген.