ТҮРКІСТАН: Ордабасылық өнерпаздар бас жүлдеге ие болды

0
327

Аталған байқауда бір топ өнерпаз түрлі номинациялар бойынша қатысып, өз өнерін көрсетті.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық өнерпаздар бас жүлдеге ие болды

Ордабасылық өнерпаздар «Кел, шырқайық» бағдарламасында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Ордабасы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінен құрылған «Ордабасы» тобы Алматы қаласында өткен «Кел, шырқайық» байқауында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары бақ сынады. КТК телеарнасында ұйымдастырылған бағдарламада қазылар алқасы мен көрермендер дауысының шешімімен бас жүлдеге ие болды.


Аталған байқауда бір топ өнерпаз түрлі номинациялар бойынша қатысып, өз өнерін көрсетті. Өнерлілер сынға түскен додада өңірдің өнерпаздары қарсыластарынан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрінді. Аудан сенімін арқалап, өлкемізге олжалы оралған «Ордабасы» тобын аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов бастаған топ күтіп алды. Жеңімпаздарға «Аудан абыройын асқақтатып, атағын тағы да бір биікке көтердіңіздер» деген ізгі тілегін білдірді.


Айта кетейік, аталған топ музыкалық бағдарламаға алдын ала онлайн арқылы кастингке қатысқан болатын. Сол кастингтегі 15 топ ішінен финалға тек 3-уі жолдама алған. Олар байқауға арнайы шақырту алып, жарыста бақ сынады. Ал бағдарлама жақын арада телеарнадан көрсетілмек.