ТҮРКІСТАН: Орталық ауруханадағы науқастар саны 90 %-ға азайды

0
596

Бүгінге дейін 506 науқас емделіп шыққан.


ТҮРКІСТАН: Орталық ауруханадағы науқастар саны 90 %-ға азайды

Шардара ауданында науқастар саны 90 пайызға азайған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Шардара аудандық орталық ауруханасындағы науқастарға арналған орталық бүгінде бос тұр. Яғни, ауыр індет пен пневмония дертіне шалдыққан науқастар емделіп шыққан.

Аталған орталықта инфекциялық 10, привозорлық 20 науқасқа арналған төсек-орын бар. Бүгінде науқастардың 90 пайызы емделіп шыққан. Денсаулық жағдайы тұрақталған соңғы 8 науқас терапия бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің қатаң бақылауымен емделіп жатыр. Барлық науқастарға тиісті ем шаралары қолданылып, үйге шыққан жандар да ақ халаттылардың назарынан тыс қалмай отыр. Олардың жағдайының тұрақтылығын білу үшін мобильді топтар жұмыс істеп жатыр. Ал дертінен айығып шыққан емделушілер медицина қызметкерлеріне алғыстарын білдіруде.

Мәселен, Байбосынов Оразбай Есімді азамат өкпенің төменгі екі жақты пневмония диагнозымен осында ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта денсаулығы қалпына түскен. Санаулы күндерден соң үй ішіне оралатын 64 жастағы Оразбай ақсақал дәрігерлерге дән риза.

Айта кетейік, Шардара аудандық орталық ауруханасында бүгінге дейін 506 науқас емделіп шыққан. Инфекциялық бөлімде 43, провизорлық бөлімде 247, терапия бөлімінде 216 адам жүйелі түрде ем алған. Инфекциялық орталықтан 4 науқас, привозорлық орыннан 4 науқас терапия бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің бақылауына алынған.