ТҮРКІСТАН: Ө.Шөкеев шардаралықтармен кездеседі

0
614

«Шардара армспорт» спорт клубының аумағында өтеді.


ТҮРКІСТАН: Ө.Шөкеев шардаралықтармен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Шардара ауданының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуі 2022 жылғы 10 маусымда сағат 11.00-де Шардара қаласы, Иманов көшесі н/з, «Шардара армспорт» спорт клубының аумағында өтеді.


Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 10 маусымда сағат 12.00-де Шардара қаласы, Иманов көшесі н/з, «Шардара армспорт» спорт клубында өтеді.


Қабылдауға алдын-ала жазылу 8(72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 9 маусымға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.