ТҮРКІСТАН: Отырарда Абай мұраларын дәріптейтін байқау

0
2 203

Сайыс алдында келушілерге ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайлы көрме таныстырылды.


ТҮРКІСТАН: Отырарда Абай мұраларын дәріптейтін байқау

Отырар аудандық кітапханасында жетінші рет «Абай оқулары» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының құрметіне белгіленген «Абай күні» қарсаңында Отырар аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен жетінші рет «Абай оқулары» байқауы өтті. Сайыс алдында келушілерге ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайлы көрме таныстырылды.


Абай шығармаларын насихаттау мақсатында оқырмандар арасында өткен сайыста ақынның жырлары оқылып, мол мұрасы насихатталды. Үш кезеңнен тұратын сайыста алдымен қатысушылар Абайдың қара сөзін жатқа оқыса, екінші кезеңде өздері ұсынған бір топ өлеңнің арасынан қазылар таңдаған өлеңді жатқа оқыды. Ал үшінші кезеңде ақынның өмірі мен шығармашылық жолына байланысты сұрақтарға жауап берді.


Қазылар алқасының шешімімен Базарбай Қарлығаш бас жүлде иегері атанды. Ал Төлеш Қарақат І орын, Амангелдіқызы Қарақат ІІ орын, Сапарбайқызы Назым ІІІ орынды иеленді. Өзге қатысушылар да арнайы номинациялармен, алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.


Абай шығармаларының мағынасына терең бойлап, түсіне алатын, сонымен қатар Абай дәстүрін жалғастырушы жас оқырмандар легі молая түскені тағы бір дәлелденді.