ТҮРКІСТАН: Отырарда шағын футболдан турнир өтті

0
118

Жарысқа 20 команда қатысты.


ТҮРКІСТАН: Отырарда шағын футболдан турнир өтті

Отырар ауданында шағын футболдан аудандық турнир өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданында мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан аудандық турнирдің ашылуы өтті. Турнирге ауданық ішкі істер бөлімі мен аудандық емхана мамандары, бөлімдер мен мекеме қызметкерлері аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінен 20 команда қатысты.


Мақсаты – достық қарым-қатынасты нығайту, патриоттық сезімге және салауатты өмір салтын насихаттау.


Шараның салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


Айта кетейік, ойын ережесіне сәйкес бес командадан төрт топтан үздік шыққандар плей-офф кезеңіне жолдама алады. Әр ойында жеңіс тұғырынан көрінген командалар финалдық кезеңде бақтарын сынайтын болады. Тартысты ойын мамыр айында қорытындыланып, жеңімпаздар арнайы кубоктармен, медальдармен марапатталады.