ТҮРКІСТАН: Отыздан аса қой ұрлаған күдіктілер ұсталды

0
536

Жәбірленушілерге 2 миллион теңгеге жуық шығын келген.


ТҮРКІСТАН: Отыздан аса қой ұрлаған күдіктілер ұсталды

Түркістандық полицейлер тұрғынның 30-дан астам қойын ұрлаған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын мал ұрлығының құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Ер адамның айтуынша, үйінің маңында орналасқан қорасында тұрған 33 қойын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушілерге 2 миллион теңгеге жуық шығын келген.


Тиісінше, полиция қызметкерлері аталған фактіні ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеп, ақпарат алысымен жедел-тергеу тобын құрып, оқиға орнына жеткен. Сөйтіп, тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, көрген-білгендерден жауап алған.


Нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасаған екі күдіктіні ұстады. Олар 22 және 25 жастағы жігіттер болып шықты.


«Белгілі болғандай, күдіктілертүнгіуақытта қорада тұрған малдарды автокөлікке тиеп жымқырған. Содан ұрланған малдарды базарға апарып, сатып жіберген. Ал түскен ақшаны екеуара бөлісіп, бас пайдаларына жаратқан. Сондай-ақ тергеу барысында күдіктінің бірі бұрын сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда екі күдікті қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.