ТҮРКІСТАН: Президенттік жастар кадрлық резервіне қызығушылық жоғары

0
561

Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.


ТҮРКІСТАН: Президенттік жастар кадрлық резервіне қызығушылық жоғары

Түркістанда Президенттік жастар кадрлық резервіне қызығушылық жоғары, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық жастар орталығында Президенттік жастар кадр резерві бағдарламасы бойынша жастармен кездесу өтті. Бағдарламаға қызығушылық танытқан жастарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Дархан Сүртеков толық ақпарат берді.


Ал облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Ернар Бектаев аудандық және қалалық жастар орталықтарының жастарына түсіндірме жұмыстар жүргізіп, маңызды тұстарын таныстырып өтті.


«Жастар кадрлық резерві» – бұл мансаптық қызметінде өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқарушылық құзыреттіліктердің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық базасы.


Жоба мақсаты – білімді, талантты, белсенді жастарды іздеу және анықтау, олардың кәсіби дамуына және қоғамдық танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды оқыту, біліктілігін арттыру, жастар арасынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет саласы үшін қазіргі заманғы және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру.


Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесіне талантты жастарды тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жоспарлануда. Іріктеуге өтінім қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.