ТҮРКІСТАН: Рамазан айында тағылымды іс-шаралар өткізіледі

0
716

Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні.


ТҮРКІСТАН: Рамазан айында тағылымды іс-шаралар өткізіледі

Түркістан облысында қасиетті Рамазан айында түрлі тағылымды шаралар өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қасиетті Рамазан айы биыл 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі. Бұл туралы бүгін ҚМДБ-ң Түркістан облысы бойынша бас имамы Ержан Төлепов мәлімдеді.


«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы биыл еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді. Рамазан айында облыс аймағындағы барлық мешіттерде «Қош келдің Рамазан», «Рамазан жақсылық айы» сынды түрлі діни іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қайырымдылық акциялар қолға алынатын болады» - деді облыс имамы.


Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысының дін істері жөніндегі басқарма басшысы Рүстем Сабыржанұлы қасиетті айда сауда орындары қымбатшылыққа жол бермей, ішімдіктерді сатпауына шақырды. Басқарма басшысы Ораза кезінде жас балалардың денсаулығына мұқият болуды және түнгі уақытта 23:00-ден кейін Жарамазан айтып балалардың көшеде жүрмеуін қадағалау үшін ата-аналарға арнайы үндеу жасады.