ТҮРКІСТАН: Республикалық байқауда 2 жоба үздік атанды

0
687

Сайысқа 300-ге жуық жоба ұсынылған.


ТҮРКІСТАН: Республикалық байқауда 2 жоба үздік атанды

Республикалық байқауда «Рухани жаңғыру» аясындағы түркістандық 2 жоба үздік атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық руханиятты көтеруге бағытталған жобалар байқауы өтті. Сайысқа 300-ге жуық жоба ұсынылып, 33 жоба үздік деп танылған. Оның екеуі Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Әдемау Толысбаева ұсынған жобалар. Бұл туралы Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айдар Сейдазым мәлімдеді. Оның айтуынша, екі жоба да жастардың тұлға болып қалыптасуына оң ықпалын тигізуге бағытталған. Олардың іске асырылуы «Жастар ресурстық орталығы» жұмысын жандандыруға септігін тигізбек.


«Түркістан облысында өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1 мыңнан аса шара өтті. Туған жер» арнайы жобасы аясында Түркістан қаласындағы «Бекзат» мөлтек ауданы азаматтарының көпке үлгі екендігін атап өткім келеді. Бірнеше жылдан бері түлектердің 20 жылдық кездесу кештері қаржысын қайырымдылыққа жұмсау дәстүрге айналған. Облыс көлемінде қолдау тапқан ізгі амал - мектепке спорттық алаңша салып беру, аз қамтылған отбасыларға қолдау білдіру, баспана кілтін табыстау сынды сауабы мол амалдарға себепші. Кәсіпкерлердің де жобаға қолдауы ерекше», - деді Айдар Бастарбекұлы.


Айта кетейік, бүгінде «Рухани жаңғыру» – ұлттық жобаға айналды. Осы орайда жобалық кеңсе мамандары тарапынан жүйелі жұмыс атқарыла бермек.