ТҮРКІСТАН: Р.Сейтметов театры шалғай ауылдарда қойылым сахналады

0
97

Өңір басшысының қолдауымен жолға қойылған мұндай жоба облыстағы шығармашылық ұжымдардың алыстағы көрерменмен қауышуына септігін тигізеді.


ТҮРКІСТАН: Р.Сейтметов театры шалғай ауылдарда қойылым сахналады

Райымбек Сейтметов театры шалғай ауылдарда қойылым сахналады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры өткен аптада гастрольдік сапармен бірнеше ауданға барып, өнер көрсетті.


Гастроль мақсаты – театр репертуарындағы жастардың туған еліне, жеріне деген патриоттық сезімін арттырып және ұлттық санада тәрбиелейтін әрі мәдениетке баулитын дүниелерді ұсына отырып, ауылдық жердегі мәдениет үйлерінің жұмыстарын жандандырып, ауыл мәдениетінің көтерілуіне үлес қосу. Өңір басшысының қолдауымен жолға қойылған мұндай жоба облыстағы шығармашылық ұжымдардың алыстағы көрерменмен қауышуына септігін тигізеді.


Театр әртістері алдымен Жетісай қаласында, содан соң Келес пен Мақтарал ауданының тұрғындарына, мектеп оқушыларына А.Атымтаеваның «Кім патша?», Р.Ибраеваның «Таңғажайып саяхат» ертегілері мен М.Байджиевтің «Тіл табысқандар» комедиясын ұсынды.