ТҮРКІСТАН: Сайрамда 20 инвестициялық жоба іске асырылады

0
224

Жалпы құны 600 млрд теңгеге жуық.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда 20 инвестициялық жоба іске асырылады

Сайрамда құны 600 млрд теңгеге жуық 20 инвестициялық жоба іске асады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында 2024-2025 жылдары жалпы құны 593,3 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 3 762 жаңа жұмыс орны ашылады. Аталған жобарлардың 18-і биыл іске қосылып, 2 652 азаматты тұрақты жұмыспен қамту көзделген. Бұл жайында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов брифингте мәлімдеді.


«Инвестициялық жобалардың қатарында құны 800 миллион теңгені құрайтын «Neo Life Clinik» медициналық орталығы бар. Емдеу-сауықтыру орталығында 60 жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, «Shagyr Agro Group» ЖШС-і биыл құны 900 миллион теңгелік жеміс-көкөніс сақтау қоймасын биыл іске қоспақ. Онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұдан бөлек, аудан үшін аса маңызды заманауи мал бордақылау алаңы, мал сою цехы, салқындатқыш қоймалар, тоңазытқыш камералар және ет өңдейтін цех кешендерінің де жұмыстары басталмақ. Жалпы 2023 жылы ауданға 51,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, 2022 жылға қарағанда 14,1%-ға өскен. Биылғы жылы ауданға тартылатын инвестиция көлемін 135 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған»,- деді аудан басшысы.


Сайрам ауданында инфрақұрылым саласында едәуір ілгерілеу бар. Өңірдегі барлық елді мекендер ауыз сумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ауданның 88%-ы табиғи газға қол жеткізген.