ТҮРКІСТАН: Сайрамда жаңа спорт нысаны ашылды

0
772

Жалпы нысан құрылысына 450 млн. теңге жұмсалған.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда жаңа спорт нысаны ашылды

Сайрам ауданында Конституция күні қарсаңында спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Сайрам ауданында Конституция күні қарсаңында спорт кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов қатысып, өскелең ұрпақты ептілік пен төзімділікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жаңа спорт нысандарының маңызы зор екенін атап өтті.


Жаңа спорт нысанының пайдалануға берілуі аудандағы бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс көздерінің ашылуына үлес қосады. Бүгінде Манкент ауылында орналасқан спорт кешенінде 20 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы нысан құрылысына 450 млн. теңге жұмсалған. Оның 65 % кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен болса, қалған 35 % «Jusan» банкінен несие көздерінен. Аталған ғимараттың құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған болатын. Айта кетейік, жұмысшылардың орташа жалақысы 150 мың теңгені құрайды.


Спорт кешенінде күрес, волейбол, баскетбол, кіші футбол, гимнастика, жүзу, бокс және үстел теннисі сияқты спорт түріне баулуға барлық жағдай жасалған, қажетті спорттық құралдармен толық жабдықталған. Бүгінгі қуаныш ауыл спортшыларына да, тұрғындарға да үміт ұялатып отыр. Спорттық нысан жаңа чемпиондарды тәрбиелеуге септігін тигізеді. Спорт кешенінде күрес, волейбол, баскетбол, кіші футбол, гимнастика, жүзу, бокс және үстел теннисі сияқты спорт түріне баулуға барлық жағдай жасалған, қажетті спорттық құралдармен толық жабдықталған.