ТҮРКІСТАН: Сайрамдық кәсіпкер күніне 10 тонна сүтті өңдейді

0
1 409

Сайрам ауданындағы «Расвет» өндірістік кооперативі ірімшік және сүзбе шығарып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық кәсіпкер күніне 10 тонна сүтті өңдейді

Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы «Расвет» өндірістік кооперативі сүтті өңдеу қуаттылығын 10 тоннадан 50 тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрам ауданы, Манкент ауылында орналасқан «Расвет» өндірістік кооперативі 2014 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Онда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріс орны Түркия елінің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Кәсіпорын тәулігіне 8-10 тонна сүт өңдейді. Бүгінгі таңда өндірістік кооператив «Карл» және «Сұлтан» маркасымен ірімшік шығарады. Аталған өнімдер Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және Түркістан облысының аудандарында саудаланып жатыр.

"Өндірістік кооперативтің негізі өнімі ірімшік және сүзбе. Шикізатты біз жергіліктер фермерлерден және жергілікті халықтан сатып аламыз. Көріп тұрғаныңыздай осы сүт таситын көлікпен алып келеміз. Сол өнімнен сырдың екі түрін шығарамыз. «Сұлтан» сыр дегеніміз таңғы асқа арналған болса, ал «Крал» сыр ол пиццаға арналған. Бүгінгі таңда күніне 10 тонна сүтті өңдеп отырмыз. Енді мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе 50 тоннаға көбейтуді жоспарлап отырмыз", - дейді Медетбеков Жанболат «Расвет» өндірістік кооперативінің басшысы.

Бүгінде «Расвет» өндірістік кооперативі мемлекет тарапынан қатты ірімшік түріне субсидияға қол жеткізіпті. Алдағы уақытта «Агро кредит» корпорациясы арқылы өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуды жоспарлап отыр.