ТҮРКІСТАН: Сапалы жолдар үлесі 92 %-ға жетеді

0
658

2025 жылға дейін 99,5%-ға арттыру көзделген.


ТҮРКІСТАН: Сапалы жолдар үлесі 92 %-ға жетеді

Түркістан облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 17 466,4 шақырымды құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы - 17 466,4 шақырым. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2021 жылы 87%-ға жетсе, 2022 жылы 92%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді. Ал, аталған индикатор көрсеткішін 2025 жылға дейін 99,5%-ға арттыру көзделген.


«2021 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 2070,9 шақырым жол мен көшелер қамтылды. Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы 326,5 шақырым көше пайдалануға берілді. 2022 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 1349,2 шақырым жол мен көшелерді қамту жоспарлануда. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 410 көпір орналасқан. Аталған көпірлердің 381 данасы жақсы және қанағатты жағдайда болса, 29 көпір жөндеуді қажет етеді», - деді басқарма басшысы.


Сонымен қатар, Түркістан облысында жалпы 349 тұрақты бағыт бойынша 1 264 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Облыста 2021 жылы 110 қоғамдық көлік жаңартылды.


Ал, Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 2 халықаралық (Стамбул, Ташкент) және 10 республикаішілік әуе рейстері қатынауда. 2021 жылы әуежай арқылы 298 мың жолаушы тасымалданған. Одан бөлек, 2021 жылы жалпы 192 чартерлік рейстермен 835 адам тасымалданған.