ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында 100 шақырымға жуық жол жөнделеді

0
606

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында 100 шақырымға жуық жол жөнделеді

Сарыағаш ауданы аумағындағы елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданы аумағындағы елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылып келеді. Тиісінше, 2023 жылы Құркелес ауылдық окугіне қарасты 3 елді мекеннің 15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды.


Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Ақниет елді мекеніне арнайы барып, әл-Фараби, Қажымұқан, №1, М.Мақатаев және Т.Әубәкіров көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын аралап көрді.


Жол құрылысымен танысқан аудан басшысы жұмыс жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкіліне нысанның сапасына сараптама жасатып, қорытындысын алу қажет екенін ескертті. Сонымен қатар, тиісті бөлім басшысына аталған елді мекендегі Пупащенко көшесіне асфальт төсеу жұмыстарын уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.


Жалпы, 2023 жылы аудан бойынша 97 шақырымды құрайтын 60 көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ұзындығы 41,4 шақырымды құрайтын 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, аудандық бюджеттен 38 көшенің 55,2 шақырымына орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлінген.


Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағататтанарлық жағдайдағы үлесі 58%-дан 66% -ға артады деп жоспарланып отыр.