ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 14 адам солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді

0
521

Қоныс аударған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар және оның тиімділігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 14 адам солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді

Сарыағаштық тұрғындар Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы әкімдігі және "Nur Otan" партиясының Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.


Іс-шара барысында ерікті түрде Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтарға қойылатын талаптар, қоныс аударған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар және оның тиімділігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның халықты жұмыспен қамту орталығында өткен ашық есік акциясына 55 адам қатысып, оның ішінде 14 адам солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді. Алдағы уақытта мұндай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу жоспарланып отыр.