ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 27 көше жөнделіп жатыр

0
385

Тұрғындардың мәселесі шешімін тауып келеді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 27 көше жөнделіп жатыр

Сарыағаш ауданында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер шешімін табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округ тұрғындарымен кездескен болатын. Сол жиында тұрғындар тарапынан Ақниет, Еңкес, Жаңарық елді мекендеріндеге 27 көшеге асфальт төсеу мәселесі көтерілген.


Тиісінше, қазіргі таңда Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақниет, Еңкес, Жаңарық елді мекендерінде сол 27 көшеге орташа жөндеу және асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.


«Көшелерді асфальттау бойынша құрылыс жұмыстарының сапасы менің қатаң бақылауымда болады.Жұмыстар мерзімінде және жобаға сәйкес жасалынуы қажет», - дейді аудан басшысы Арман Абдуллаев