ТҮРКІСТАН: Сарыағашта дәрігерлік амбулатория салынып жатыр

0
488

Бүгінгі таңда нысанның ішкі әрлеу, кәріз және жылу жүйесін жүргізу, қақпасын орнату жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта дәрігерлік амбулатория салынып жатыр

Сарыағаш ауданының әкімі дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Президент тапсырмасына сәйкес медициналық нысандар көптеп бой көтеріп жатыр. Соы орайда, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ елді мекенінде салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарымен танысты.


Құрылыс басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме басшысына құрылысты сапалы орындап, мерзімінен кешіктірмей аяқтау қажеттігін ескертті.


Қазіргі уақытқа дейін бұл нысанның іргетасы қаланып, ғимараттың шатыры жабылып, сыртқы қаптау жұмыстары мен терезелерді орнату жұмыстары аяқталған.


Бүгінгі таңда нысанның ішкі әрлеу, кәріз және жылу жүйесін жүргізу, қақпасын орнату жұмыстары жүргізілуде.


Медициналық нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылған соң бір ауысымда 25 азаматқа медициналық алғашқы көмек көрсетіледі. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.