ТҮРКІСТАН: Сарыағашта экологиялық акция өтті

0
273

Он мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта экологиялық акция өтті

Сарыағашта экологиялық акция аясында он мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында көктемгі «Тал егу – игі іс» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – ауданды көркейту-көгалдандыру, келбетті жасыл желекке айналдыру. Осы мақсатта аудан аумағына 10 000-ға жуық түп терек, қараталдар егілді.


Ауданның көркеюіне бастайтын берекелі бастамаға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудан әкімі аппаратының және дербес бөлім басшыларымен қызметкерлері және аудан еріктілері қатысып, белсенділік танытып, бөлінген аумақтарына ағаш отырғызды.


Сонымен қатар қала, және ауылдық округтер аумағында жалпы тазалық шарасы өтті. Шараға қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді. Сенбілік жұмыстарының басты мақсаты – ауданның көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.