ТҮРКІСТАН: Сарыағашта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
1 289

Құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Сарыағаш ауданында бірқатар нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданындағы №50 А.Омаров атындағы мектептің апаттық жағдайда болуына байланысты, ауданда жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекенінде салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, нысанның ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталып, шатырын жабу, терезелерін орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.


Одан бөлек, аудан әкімі Дарбаза ауылдық округі, Сарысу елді мекеніндегі №40 Н.Әбдіров атындағы 200 орындық жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.


Сонымен қатар, аудан басшысы Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, Береке елді мекеніндегі ауыз су және табиғи газбен қамту жұмыстарын бақылады. Елді мекенде таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан жүргізілген. Алайда, құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары аудан әкімінің қолдауымен қайта жандануда. Аудандағы құрылыс жұмыстарын аралап көрген аудан әкімі мердігер мекемелерге жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды.