ТҮРКІСТАН: Сарыағашта мәдениет саласының өкілдерімен кездесу өтті

0
449

Мәдениет ардагерлері мен майталман мамандар марапатталды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта мәдениет саласының өкілдерімен кездесу өтті

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мереке иелерімен еркін форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Қабланбек ауылдық мәдениет үйі» аумағындағы саябақта Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев мереке иелерімен еркін форматта кездесу өткізді. Оған ауданның мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімдері, аталған сала қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.


«Мәдениет — қоғам айнасы. Осы орайда, сіздерді кәсіби мерекемен шын жүрекпен құттықтай отырып, саланың дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Өздеріңізбен арнайы жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін», — деген аудан әкімі мәдениет ардагерлері мен майталман мамандарды арнайы алғыс хатпен марапаттады.