ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ұлттық киімдер тігетін мектеп ашылды

0
545

Өз кәсібін брендке айналдырып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ұлттық киімдер тігетін мектеп ашылды

Сарыағаш ауданында ұлттық нақыштағы киімдерді тігу мектебі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш қаласының орталығынан қазақтың ұлттық киімдерін тігу мектебі ашылды.


Жеке кәсіпкер әрі тігін кәсібін игерген Ж.Сапарова заманауи үлгіде, қазақи нақышта әйелдерге арналған киімдер тігіп, өз кәсібін брендке айналдырып жатыр.


Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған тігін мектебінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.


«Бүгінде аудан тұрғындары түрлі кәсіп көзін тауып, ел экономикасына өз үлестерін қосып жатыр. Ондай азаматтарға көмек-қолдаулар жасауға біз қашанда дайынбыз. Жеке кәсібін ашып қана қоймай, халық үшін, мемлекет үшін өзінің кәсібін дөңгелететін және шәкірт тәрбиелейтін азаматтарымыз көбейсе, еліміз одан әрі қарыштап дами бермек», - деген аудан әкімі жеке кәсіпкердің бастаған кәсібіне сәттілік тіледі.


Айта кетсек, тігін мектебі 15-ке жуық кәсіби тігін машиналарымен жабдықталған және тігін ісін үйренемін деген әрбір оқушыға толық жағдай жасалған.