ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді

0
1 003

25 адамға медициналық алғашқы көмек көрсете алады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні Сарыағаш ауданында бірнеше жаңа нысан ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні ерекше аталып өтуде. Аудан көлемінде салтанатты түрде бірнеше жаңа нысан ашылып, пайдалануға берілді. Соның қатарында Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ елді мекеніндегі 25 адамға медициналық алғашқы көмек көрсете алатын дәрігерлік амбулотория. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


"Мереке қарсаңында ауданымызда әлеуметтік маңызы бар тағы бір нысан ашылды. Дәрігерлік амбулаторияның ашылуы көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуге, сапалы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтаймын, зор денсаулық пен амандық тілеймін. Еліміз жыл сайын дамып, өркендей берсін", — деді аудан басшысы.


Дәрігерлік амбулатория осы елді мекен тұрғындарының саулығын қамтамасыз ету үшін, медицина мамандарының бар білімі мен біліктілігін салуға мүмкіндік бергелі отыр. Өйткені заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған амбулатория әрбір азаматтың диагнозын нақты анықтап, тиісті ем-шараларды дер кезінде қабылдауына жол ашпақ.


Шара барысында қуанышты бөлісуге келген аудан басшысына ауыл тұрғындары өз ризашылығын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ақ батамын берді. Алдағы уақытта дертіне шипа іздеген ауыл халқы осы пунктке келіп, дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша ем-шараларын қабылдай алады.